Орал әкімдігі 100 гектар жерді заңсыз берген

Әкімдік Жер кодексінің 48-бабын бұзғаны анықталды
Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Орал қаласының әкімдігі заңсыз берген 100 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Әкімдік АҚ-ға ауданы 119,7 га жер учаскесін заңсыз бергені, сол арқылы Жер кодексінің 48-бабын бұзғаны анықталды.
"Индустриялық аймақты ұйымдастыруға арналған учаске Орал-Самара тасжолының бойында орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі күні нұсқама талаптарына сәйкес жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, заң бұзушылық жойылды.
Алматы қаласында ұзақ уақыт пайдаланылмаған жер учаскесі сот шешімімен тәркіленді