Ғылыми технологияларды өндірісте қолдану сатылары айқындалды

Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі ғылыми технологияларды өндірісте қолдану сатылары туралы хабарлады.
Вице-министрі Дархан Ахмед-Закидің айтуынша, қазір ғылымды басқару жүйесі бірнеше сатыдан тұрады.
Президенті жанындағы Ұлттық кеңес сәйкес шешімдерді шығарады. Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қаржыландыру шешімдерін айқындайды. Нәтижесінде қаржы үйлестіріліп, ғылымға қажетті тақырыптар нақтыланады.
"Технологиялардың алғашқы төрт деңгейі бар. Біріншісі, іргелі ғылымның қаншалықты қолданбалы деңгейге шығу мерзімі. Өйткені, көпшілігінде гипотеза анықталады. Одан кейін зерттеу әдістемелері арқылы сол теориялар, модельдер ашылады. Нәтижесінде, оны қаншалықты қолданбалы деңгейге шығаруға болатындығы осы деңгейде анықталады. 5-7 деңгейде ол қолданбалы практикалық идея өнідіріске нақты лабораториялық тұрғыдан өтіп барып, өндірістік кеңістікте сәйкес бағаланып, соның қандай да бір оң өнімін алуға болатындығын айқын көрінісін анықтауға болады", – деді спикер.
Ал, 8-9 деңгейлер технологиялардың өндірістегі кең таралуын қамтиды. Мәселен, 20 жыл бұрын селенді шығарудың теоретикалық тұрғыда іргелі ғылым болып қалыптасса, лабораториядағы алғашқы ізденістердің арқасында біршама жылдар өткеннен кейін оның керек вакум-дистилляциялық құрылғысы жасалып, цехта орнатылып, 2023 жылы өндіріске енгізілді.