Баспана кезегінде тұрғандарды мемлекеттік қолдау шаралары заңмен бекітілді

Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қазақстанда баспана кезегіне тұрған азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары заңмен бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенатта қаралған заң бойынша баспана кезегі Отбасы банкіне беріледі. Бұдан былай қаржы ұйымы ұлттық даму институты болып қайта құрылады. Ал оның негізінде тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, оған баспана кезегі, яғни бірыңғай республикалық электронды база беріледі.
Заңда баспана кезегіне тұрған азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралар да көрсетілген. Олар:
мұқтаждарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру;
1.
жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;
2.
тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру;
3.
тұрғын үй сертификаттарын беру.
Айта кетері, алдағы уақытта әлеуметтік осал топтардың бірнеше санатын баспана кезегінен шығаруға тыйым салынады.
Баспана кезегінен шығарылмайтын әлеуметтік осал топтардың тізімі жарияланды