Астанада қылмыстық жолмен сатып алынған пәтер тәркіленді

Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Астанада сот қылмыстық жолмен сатып алынған пәтерді босатуға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық сотқа сілтеме жасап.
Бұған дейін ол пәтер мемлекет меншігіне тәркіленген болатын. Бірақ оны сатып алған адам үйді босатпай қойды. Содан әкімдікке қарасты "Тұрғын үй қоры" КММ тағы сотқа жүгіріп, жауапкерлерді пәтерден шығаруды талап етті.
Тергеу материалдарына сәйкес, қала тұрғыны бөгде адамның атына қарыз шартын рәсімдеп, сол ақшаға даулы пәтерді сатып алған. Ондай мүлік тәркілеуге жататынын да білді. Сол себепті пәтерді бірінші некедегі әйелден туған ұлының атына рәсімдеді.
Сотта төрт баланың анасы пәтердің қарыз қаражатына сатып алынғанын, ал ұлын адал сатып алушы деп санайтынын мәлімдеді. Қазіргі кезде екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын да айтты. Бұған дейін олар сот үкіміне қарсы шағым да түсірген. Бірақ шешім өзгеріссіз қалды, ал меншік құқығы тұрғын үй қорына тіркелді.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы пәтерден шығару туралы үкімді де өзгеріссіз қалдырды. Өйткені қылмыстық жолмен алынған мүлікті пәтерде тұратын адамдардың басқа үйі бар-жоғына қарамастан босатылуы шарт.