Алматыда көп қабатты үй өртенді

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Алматыдағы Алмалы ауданында тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 17 қазанда Кашгарская көшесінде болған.
"Сағат 11:58-де Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты. Келген сәтте 8 қабатты тұрғын үйдің шатыры мен пәтер отқа оранғаны анықталды", - дейді ведомство.
Оқиға орнына 6 бірлік техника мен 25 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт сағат 13:25-те оқшауланды