АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Сарысу разъезі маңындағы жекеменшікке тиесілі тепловоз бен локомотив соқтығысты, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға 15 қазан сағат 10:10-да Ұлытау облысы аумағындағы жеке жолдарда болған.
"Салдарынан бес бос вагон мен тепловоз аударылды. Жеке локомотив бригадалары орташа жарақат алды", - деп жазылған хабарламада.
Пойыз апаты басқа пойыздар қозғалысына және магистральдық желі жұмысына әсер еткен жоқ.