Фото

Құс ұшар биіктіктен түсірілген таңғажайып суреттер - фото

Siena Awards нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік дронмен түсірілген суреттерін топтамадан тамашалаңыздар
Sputnik
Siena International Photo Awards фестивалі құс ұшар биіктіктен түсірілген ең үздік суреттерді анықтайды. Жақында биылғы жылдың жеңімпаздары белгілі болды. 2018 жылдан бастап Drone Photo Awards байқауы аэрофототүсірілім саласындағы ең талантты фотографтарды марапаттап келеді.
Қатысушылар "Үйлену тойы", "Табиғат", "Қала", "Адамдар", "Жануарлар", "Абстракция", "Спорт", "Суреттер сериясы", "Видео" атты 9 номинация бойынша сынға түсті. Қазылар алқасына 113 елден 2 мыңнан астам жұмыс жіберілді.
Ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен түсірілген суреттерді ғана емес, сонымен қатар ұшақтардан, тікұшақтардан, әуе шарларынан, тіпті парашюттерден түсірілген кадрларды да қарастырды.
1 / 9

Гилад Топаз (Израиль) түсірген "Ғарыштағы дрейф" деп аталатын жылдың үздік суреті. Фотода Балтық теңізінің салқын суында шомылып жүрген туристер бейнеленген.

2 / 9

"Мұхитты тазалау" деп аталатын суретті фотограф Тоби Николь (Ұлыбритания) түсірген. Суретте жолбарыс акуласы Австралияның Перт жағалауындағы өлі кашалотты қорек етіп жатыр.

3 / 9

"Абстракция" аталымы бойынша бірінші орын алған бұл сурет "Өмір ағашы" деп аталады және оны Италия фотографы Изабелла Табакки түсірген. Сурет Исландиядағы жанартау атқылауынан кейін түсірілген.

4 / 9

Бельгиялық Йерун Ван Ньювенхов түсірген "Эльддреки/Отты айдаһар" деп аталады.

5 / 9

Қытай фотографы Сяоин Ши түсірген "Жер тамырлары" деп аталатын бұл сурет "Табиғат" категориясы бойынша бірінші орын иеленді.

6 / 9

Ресейлік фотограф Юрий Столыпин бұл жұмысын "Зымыран" деп атады. Сурет "Қала" номинациясы бойынша бірінші орын алды. Суретте Еуропадағы ең биік зәулім ғимарат - Санкт-Петербургтің Лахта орталығы бейнеленген.

7 / 9

"Минималистік экшн" деп аталатын суретті Әзербайжан фотографы Алекса Берасатеги түсірген.

8 / 9

"Жоғарыдан қарағандағы махаббат" деп аталатын суретті Польша фотографы Джоанна Зданцевич түсірген. Суреттегі Volkswagen Beetle жас жұбайлардың нәзік сезімін әдемі сипаттап тұр.

9 / 9

"Сары торлар" деп аталатын суретті Вьетнам фотографы Чин Леонг Тео түсірген. Бұл көрініс күн енді батып бара жатқан сәтте түсірілген.