"Депутаттардың ұсынысы ескерілді": Отбасы банк білім кредитін береді

Мәдина Әбілқасымова депутаттардың ұсынысы ескерілгенін мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі Отбасы банкіне білім беру кредиттерін рәсімдеуге рұқсат береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәжілісте тұтынушылардың құқықтарын қорғауды одан әрі күшейту және қаржылық қолжетімділікті арттыру шараларын ұсынды.
"Депутаттардың "Отбасы банкіне" жинақтау жүйесі шеңберінде білім кредиттерін ұсыну құқығын беру туралы ұсынысы ескерілді", – деді Әбілқасымова.
Айта кетері, бұған дейін Отбасы банк білім жинағын ашуға лицензия алған.