Батыс Қазақстанда полиция қызметкері трактормен адам қағып кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұдұрты кентінде полиция қызметкері тарктормен адам қағып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 11 қазанда болған. "Жүргізуші "МТЗ-80" маркалы тракторды басқара отырып, абайсызда 1979 жылы туған ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
"Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлайды полиция.
Күдікті сот санкциясымен үй қамаққа алынған.
"Трактордың рулінде аудандық полиция бөлімінің қызметкері болды, ол кезекті еңбек демалысында болған. Сараптама полицейдің ішімдік ішпегенін анықтаған. Қазіргі күні ол ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды", - дейді полиция департаменті.
Атбасарда полиция қызметкері адам қағып өлтірді