“Баспанамен қамту үшін 120 жыл керек”: мәжілісте жетімдер мәселесі көтерілді

Sputnik
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жетімдерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Гаухар Танашеваның айтуынша, ҚХП фракциясы жетім балаларды баспана мәселесін бірнеше рет көтерген. Негізгі проблема-баспанаға мұқтаж жетімдер мен оларға берілетін үйлердің саны.
“Қазір баспана кезегінде 62 352 адам тұр, ал тұрғын үй саны 8 444. Бұл дегеніміз, қазіргі қарқынмен осы балалардың біреуі 120 жылдан кейін ғана баспана ала алады”,-деді Танашева мәжілістің жалпы отырысында.
Қазақстан халыш партиясының депутаттары премьер-министрге тағы сауал жолдап, жетімдердің баспана мәселесінен бөлек басқа да мәселелерін шешуді талап етті. Мәселен, балалар үйлерінің түлектері үлкен өмірге шыққанда көптеген проблемаға тап болады.
“Сондықтан, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті және тәлімгерлік туралы үлгілік шартты ұйымдастыру тәртібін әзірлеу барысында қолдаудың жүйелілігі мен ұзақ мерзімділігін, нәтижеге бағытталуын көздеу қажет.
Олар үлкен өмірге жіберіліп, барлық мәселелермен жалғыз өздері қалады. Бұл балаларға өз болашағын қалай құруға болатынын ешкім үйретпейді. Біз бұл жағдайды өзгерту үшін нақты шешімдерді ұсынуға міндеттіміз”,- деп атап көрсетті Танашева.
Депутат үй салуға 2 проценттік кредит беруді ұсынды