АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Алматы мен облыс аумағында кәсіпкерлерді бопсалаған топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.
"Қылмыстық топтың құрамында еліміздің Pop MMA спортшылары да болған. Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Ұсталғандар қамауға алынды.