Жыл басынан бері 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық
Sputnik
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Жыл басынан бері 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
2024 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының қарқыны 10,1%-ға дейін артты.
"Оң динамика 18 өңірде тіркелді, бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында байқалады", - деді Байбазаров.
Биылғы қаңтар-қыркүйекте 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық. Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында тіркелді.
Салықтық емес төлемдер жоспардан 6 есе асып, 921 млрд теңге болды – қаржы министрі