Жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады – Бектенов

Саран қаласындағы жағдайды үкімет бақылауға алды
Sputnik
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылуға қатысты мәселе күн тәртібінен тыс қаралды.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
"Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте, бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр", — деп атап өтті премьер-министр Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады.
"Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп түйіндеді үкімет басшысы.
Еске сала кетейік, кеше Саран қаласында 77 көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз отырғаны туралы хабарланған еді. Оған жаңа жылу орталығының әлі қалыпты параметрлерге келмеуі себеп болған.