Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы шешуге уәде берді

Sputnik
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. АҚШ-тың бұрынғы президенті және Республикалық партиядан мемлекет басшысы лауазымына үміткер Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы шешуге уәде берді.
"Мен бұл мәселені келіссөздер арқылы шешемін", - деді Трамп Пенсильвания штатында сөйлеген сөзінде.
Саясаткер Ресейдің де, Украинаның да басшыларымен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты. Ол егер өзі билікте болғанда бұл елдер арасындағы қақтығыс ешқашан болмас еді деген пікірін тағы қайталады.
Бұған қоса, Трамп АҚШ-тың қазіргі мемлекет басшысы, демократ Джо Байденді Ресей президенті Владимир Путинмен ұзақ уақыт байланыста болмағаны үшін сынады.
"Байден бұл қақтығысты шешу үшін ештеңе істемеді. Ол тіпті бір жылдан астам уақыт бойы Путинмен бір рет сөйлеспеді", - деді АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп.