Талғар қаласының әкімі қызметінен босатылды

Sputnik
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен қала әкімінің орынбасары Сағындық Матан өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін" қызметтен босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін Талғар ауданы әкімі Таңат Айдарбековке сөгіс жарияланған.
Еске сала кетейік, 16 жастағы Шерзат Полатты 4 қазанға қараған түні отбасының көзінше өлтіріп кетті. Осыдан кейін 12 қазанда олардың Азат ауылындағы үйін белгісіз біреулер өртеп жіберді.
Бұл іс Ішкі істер министрлігі басшысы мен Бас прокурордың ерекше бақылауында.
Үйді өртегендер міндетті түрде жауапқа тартылады – ІІМ