Сәкен Сейфуллиннің жоғалған екі күйі табылды

Сейфуллиннің шығармашылығын зерттеушілер бұдан да басқа күйлер болуы мүмкін деген сенімде
Sputnik
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов Қазақ радиосының Алтын қорынан Сәкен Сейфуллиннің орындалмай жүрген екі күйі бар радиожазбаны тапты, деп хабарлайды "24kz".
“1964 жылы республикада Сәкен Сейфуллиннің 70 жылдығы тойланып, қобызшы Дәулет Мықтыбаев Қазақ радиосына келіп, қобызда 1920 жылдары Сәкен Сейфуллиннен үйреніп алған Сейфуллиннің “Сарыарқа”және “Әупілдек” атты 2 күйін орындады”, - деп келтіреді телеарна Әбсеметовтің сөзін.
“Қазақ ақынының аспаптық пьесалар да жазғаны туралы жаңалығы сол кезде мұрағат құжаттары арасында жоғалып кеткені” айтылды.
Әзірге Сәкен Сейфуллиннің 2 күйі ғана табылды. Алайда олардың саны көп болған, деп сенімді қазақ ағартушысының шығармашылығын зерттеушілер мен оның жақындары.
Дерекқор
Қазақ "қырғыз" емес: Тұңғыш премьер Сәкен Сейфуллин жайлы қызықты деректер