Ресей Грузияның ішкі ісіне араласпайды - РФ президентінің баспасөз хатшысы

Sputnik
АСТАНА, 15 қазан - Sputnik. Ресей Грузияның ішкі істеріне араласпайды және араласуға да ниеті жоқ. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Бұған дейін БАҚ-та Грузия президенті Саломе Зурабишвилидің елді "Ресей үкіметі" басқарып отыр деген пікірі жарияланды. Сонымен қатар ол биліктегі "Грузин арманы" партиясын 26 қазанға белгіленген парламент сайлауын бұрмалауды көздейді деп айыптаған.
"Бізге келетін болсақ, біз Грузияның ішкі істеріне араласпаймыз және араласуға ниетіміз де жоқ", - деді Песков журналистерге Грузия президентінің пікіріне қатысты Кремльдің ұстанымы туралы сұраққа жауап беріп.