Қар, үсік, боран: синоптиктер 16 қазандағы ауа райын болжады

Sputnik
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазгидромет 16 қазандағы ауа райына болжам жасады. Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады.
Түнде елдің оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, түнде шығыста, оңтүстікте, елдің орталығында қар жаууы ықтимал.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Елде жел күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. Ел орталығында қарлы боран, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көктайғақ болжанады.
Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Атырау облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.