АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Павлодар облысында аудандық прокуратура дені сау адамның психоневрологиялық орталықта емделіп жатқанын анықтады.
Аймақ прокуратурасының мәліметінше, 2008 жылы сот шешімімен ол мамандандырылған мекемеге жатқызуға жолданған.
"Прокуратураның араласуынан кейін ғана жұмылдырылған мамандар азаматтың денсаулық жағдайының оң қарқынын байқаған, ал орталық қызметкерлері бұған мән бермеген", - делінген хабарламада.
Осылайша, павлодарлық азамат 16 жылын орталықта өткізді. Павлодар облысы прокурорының талап арызы бойынша сот-психиатриялық сараптамадан кейін сот оны ақыл-ойы дұрыс деп танып, психоневрологиялық орталықтың қамауда ұстау шешімінің күші жойылды, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.