АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. 2024 жылдың қаңтар-тамызында ЕАЭО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 104,5%-ды құрады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарлауынша, өнеркәсіп өндірісінің өсуі ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде байқалды:
Арменияда – 13,7%-ға;
Беларусьте – 7,1%-ға;
Ресейде – 4,5%-ға;
Қазақстанда – 3%-ға;
Қырғызстанда – 0,7%-ға.
2024 жылдың 8 айында ЕАЭО-да өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 7,9%-ға өсті. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 3,8%-ға өскен.
Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда – 1,1%.
Бұл ретте тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу 0,2%-ға төмендеді.