Армения президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Sputnik
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. "Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Армения президенті Ваагн Хачатурян Қазақстанға ресми сапармен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Қазақстан президентінің биылғы сәуір айында Арменияға жасаған ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.