АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Биылғы жылдың тоғыз айында (қаңтар-қыркүйек) ҚТЖ желісі арқылы 190 миллион тоннаға жуық жүк тасымалданды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Жүк тасымалы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға өсіп, 124,4 миллион тоннаны құрады. 65,5 млн тонна экспортқа шығарылды.
73,3 млн тонна тас көмір тиелді, оның ішінде республика бойынша теміржолшылар тасымалдаған қатты отын 52 млн тонна. Республика бойынша астық тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 11,2 пайызға артып, 1,7 миллион тонна болды. Барлығы 6,7 млн тонна астық тасымалданды.
2024 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жүктеме артты:
мұнай жүктері 2,7%-ға, 14,4 млн тоннаға дейін,
қара металдар 2,8%-ға, 3,3 млн тоннаға дейін,
темір рудасы мен марганец 3%-ға, 15,8 млн тоннаға дейін,
түсті рудалар мен күкірт шикізаты 10,4%-ға, 18,6 млн тоннаға дейін.
Химиялық тыңайтқыштардың экспорты 7,1%-ға өсіп, 968 мың тоннаға жетті.