Цифрлық техника бір жылда 50%-ке жуық қымбаттады

Қазақстанға цифрлық техниканың негізгі жеткізушісі – Қытай, бұл елден жалпы техниканың 85,3%-і импортталған
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Қазақстанда электронды техника –теледидар, фотоаппараттар, ноутбуктер күрт қымбаттаған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша жазда аудиовизуалды жабдық пен фотоаппаратура, ақпаратты өңдеуге арналған жабдықтың бағасы былтырғыдан 49,5%-ке қымбаттаған, деп хабарлады Еnergyprom.kz.
Биылғы 7 айда "Электрондық-есептеу техникасы" және "бейнекамералар" санаттарындағы өнімді жалпы пайдалану көлемі 100% болған. "Сандық есептеу машиналары" 69,6% импортқа тәуелді болды.
Қазақстанға цифрлық техниканың негізгі жеткізушісі – Қытай. Мысалы, Қазақстанға импортталған есептеу машиналарының, блоктардың, түрлі оқу құрылғыларының жалпы көлемінің 85,3%-і Қытайдан келді. Сонымен қатар барлық дерлік бейнежазба жабдықтарының 99,3%-і ҚХР-дан әкелінген.
Жеті айда сатып алынған 4,2 миллион телефонның, смартфонның және басқа да осыған ұқсас тауарлардың 2,7 миллион данасы Қытайдан жеткізілді, ал қалған 825 мыңы Вьетнамнан, Үндістаннан, Ресейден, Малайзиядан және басқа мемлекеттерден "шыққан". АҚШ пен Еуропа елдерінен жеткізілім үлесі небәрі 1%.
Қазақстанда теміржол көлігінің қызметі 8%-ке қымбаттады