АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші суицид жасап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 14 қазанда қарауылда жүргенде сарбаз суицид.
"Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала ақпарат бойынша отбасылық-тұрмыстық жанжал незінде өз-өзіне қол салған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықталып, тергеу шаралары басталды", - делінген Құрлық әскерлерінің ресми хабарламасында.
Сарбаздың мерзімді әскери қызметінің аяқталуына екі апта ғана қалған.
Айта кетері, бір күн бұрын Шахтинск қаласында "жұмыстан тыс уақытта өзі тұратын пәтерден" келісімшарт бойынша әскери қызметшінің мәйіті табылды.