ЕАЭО-да жүк және жолаушылар тасымалы артып жатыр

Қазақстан ең жоғары өсімді көрсетті
Sputnik
АСТАНА, 14 қазан - Sputnik. ЕАЭО-да жүк және жолаушылар тасымалы өсіп жатыр.
2024 жылдың қаңтар-тамызында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЕАЭО-да жалпы жолаушы айналымы 7,8%-ға артқан, сонымен қатар бірқатар республикалық көрсеткіштің ұлғайғаны байқалды.
Тасымалдау ең көп Қазақстанда артты – 14,2%-ға тең.
Беларусьте 9%-ға, Ресейде 7,8%-ға және Қырғызстанда 5,1%-ға өсті.
Сонымен бірге есепті кезеңде Одақ бойынша жүк тасымалдаудың жалпы деңгейі 0,5%-ға өсті, бұл ретте өсім мынандай:
Қырғызстанда – 4,4%;
Беларусьте – 2,8%;
Ресей мен Қазақстанда – 0,5%.
Тауарлар қозғалысының еркіндігі ЕАЭО-ның төрт негізгі бостандығының бірі саналады (қалған үшеуі қызмет көрсетуге, капиталға және жұмыс күшіне қатысты).
Қытай ЕАЭО-да қағазсыз технологияларды қолдануға және транзиттік тасымалдаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға қызығушылық танытты. Қытай бірлестіктің сәтті тәжірибесін өз аумағында қолдануға ниетті.