Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамды аудит арқылы тексереді

Sputnik
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі қалай өзгеретінін айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдағы уақытта Әлеуметтік кодексте "әлеуметтік аудит" деген ұғым енгізіледі. Осы аудит арқылы әрбір адамды тексереді.
"Адам көмекке мұқтаж ба, жоқ па, оған жұмыс, төлемдер және тағы басқа қолдау шаралары қажет пе, соның бәрін әлеуметтік аудит көрсетеді", - деді Жақыпова мәжілісте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, бүгінде атаулы әлеуметтік көмекпен бірге жұмыс та ұсынылады. Одан бас тартқан жағдайда "АСП" берілмейді.
"Біз атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаймыз ғой. Оған қоса, жұмыс та береміз. Ол адам жұмыс істемеймін, "АСП" ғана аламын дейді. Онда, кешіріңіз, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды деп айтамыз. Қазіргі кезде ондай шаралар бар", - деп атап көрсетті министр.
Биыл 350 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді