Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионатының финалын тамашалады

Sputnik
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионатының финалын тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында өткен үстел теннисінен Азия чемпионатының жекелей және жұптық сындардағы финалдық ойындарын көрді.
Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионатының финалын тамашалады
Аталған біріншілікке 26 елдің 210 спортшысы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар. Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды Жапония құрамасы иеленді. Олар үш алтын медаль жеңіп алды.