Бокстан әйелдер құрамасының капитаны сайланды

Sputnik
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасының капитаны сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтті. Осы жиында талқыланған мәселенің бірі – жаңа құрама капитанын сайлау.
"Спортшылардың басым дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, қазіргі кезде әйелдер құрамасы Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.
Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті