Үкімет АЭС құрылысына Ұлттық қордан ақша ала ма

Sputnik
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов атом электр станциясының құрылысын қаржыландыру мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астанада өткен брифингте журналистер АЭС құрылысын қаржыландыру мәселесін көтерді. Осы орайда үкіметтің ұлттық қордан ақша алуға қатысты сұрақ та қойылды. Сүлейменовтың айтуынша, үкімет ұлттық банктен қордан ақша алуға қатысты сұрау салған жоқ. Бірақ қаржының бір бөлігін табуға тура келеді.
"АЭС құрылысын қаржыландыру - өте маңызды мәселе. Себебі технологиялар, кадрлар мен қаражат бар. Қазақстанға келіссөздер кезінде "көзір" керек. Егер біз технологиялар, кадрлар мен қаржыны өзіміз бермесек, келіссөздерде біздің ресурстарымыз төмен болады", - деді Сүлейменов.
Оның ойынша, Қазақстан АЭС құрылысына кететін қаржының бір бөлігін өзі беруі мүмкін.
"Қазақстан бір бөлігін өзі қаржыландырады, мәселен, бюджеттен бөліп береді, бір бөлігін нарықтан алады. Үкімет ұлттық банкті қаржыландыру мәселесіне тартатын болса, біз дайынбыз", - деп атап көрсетті банк басшысы.
Айта кетері, Қазақстанда АЭС салу үшін 10-12 млрд доллар қажет. Ал құрылысқа кем дегенде 10 жылдай кетеді. Осы уақыттың ішінде жобаның құны тағы 50 процентке өсуі мүмкін. Бұған дейін премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр референдумнан кейін АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты.
Қазақстан АЭС құрылысына келісімшартқа қол қою кезінде санкциялық сын-қатерді қарастырады