АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ресейдің Новосібір мемлекеттік университеті Қазақстанда өз филиалын ашуға дайын , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресейде Новосібір мемлекеттік университетінің ректоры Михаил Федорук пен Қазақ ұлттық университетінің басшысы Жансейіт Түймебаев кездесіп, НМУ-дың филиалын ашу мәселесін талқылады.
"Кездесу кезінде тараптар бірлеске жұмыс тобын құруға уағдаласты. Соның үйлестіруімен Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде Новосібір мемлекеттік университетінің филиалын ашу жұмысы атқарылатын болады", - делінген Қазақстандағы Ресей елшілігінің ресми хабарламасында.
Қазіргі кезде Новосібір мемлекеттік университетінде шамамен 180 қазақстандық студент білім алып жүр. Жоғары оқу орны Қазақстанның жетекші 16 университетімен ынтымақтастық байланыстарын орнатқан. НМУ оқытушылары мен қызметкерлері сан алуан дәрістер мен конференцияларға жиі келіп тұрады.
Геология мен археология бойынша бірлескен экспедицияларға да шығады. НМУ мпен ҚазҰУ басшылары білім, ғылым мен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты тағы 5 жылға – 2029 жылға дейін ұзарту туралы келісімді рәсімдеді.