Қостанай облысында 5 баланың өмірін қиған өрттің шығу себебі анықталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Ресупбликасы Бас прокурорының бақылауына алынды
Sputnik
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қостанай облысында 5 баланың өмірін жалмаған өртке пешті қараусыз қалдыру себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын-ала себебі –пешті қараусыз қалдыру. Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.А. Бекбосынов барды", - деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Ресупбликасы Бас прокурорының бақылауына алынды.
Еске сала кетейік, 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Өкінішке қарай, үйдің шатыры опырылып түсіп, үйінді астынан 5 кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. 2011 жылы туған тұңғыш бала ғана аман, зардап шекпеген.
Қостанай облысында өрттен 5 бала көз жұмды