АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. ЕАЭО бірыңғай еңбек нарығы азаматтарға үлкен жеңілдіктер береді.
ЕЭК Еңбек көші-қоны департаментінің директоры Алтынай Өмірбекова бірлестіктің азаматтары үшін негізгі артықшылықтарды атады.
Атап айтқанда мынадай:
ЕАЭО елдерінің азаматтарына еңбек квотасы қолданылмайды;
оларға жұмыс істеуге арнайы рұқсат қажет емес;
олар жұмыс істейтін мемлекетте 30 күн бойы тіркеусіз бола алады;
оларға жұмыс тауып, еңбек шартын жасасу үшін 90 күн беріледі;
90 күннен кейін еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда жұмысқа орналасуға тағы 15 күн беріледі.
Департамент директоры сондай-ақ ЕАЭО елдерінің азаматтарын әлеуметтік сақтандыру жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтары үшін бірдей көлемде және тәртіпте жүзеге асырылатынын айтты. Сонымен қатар білім туралы құжаттар ғылыми дәрежелер сияқты өзара танылады.
Кәсіподақтарға ЕАЭО елдерінің азаматтары да кіре алады. Табысқа жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтарымен бірдей мөлшерлеме бойынша салық салынады.