АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Әзірге украиндық қақтығысты шешуге қатысты елеулі ұсыныстар болған жоқ, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Маңызды ұсыныс болған кезде барлық нақты іс-әрекет көрінеді және саясаткерлердің тәжірибе жүзіндегі нақты қадамдарынан байқалады. Әзірге біз Ресей қарулы күштері жүктелген міндеттерді нақты орындап жатқанын көріп отырмыз және әзірге саясаткерлердің мәлімдемелерінен елеулі ештеңе таппадық", - деді Лавров 19-шы Шығыс Азия саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Ол Украинадағы қақтығыстың реттелуі туралы Батыс БАҚ деректеріне құлақ асудың қажеті жоқ, өйткені бұл деректер нақты мәлімдемеге негізделмеген деп айтты.
Ресей СІМ басшысы сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі украиналық өкілдер тарапынан айтылып жатқан ақпаратты қадағаламайтынын, өйткені Ресей үшін бұл қызық емес екенін мәлімдеді.
"Біздің елдің ұстанымын Ресей Федерациясының президенті биылғы жылдың 14 маусымында сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзінде нақты айтты. Бұл ұстаным іс жүзінде орындалып жатыр. Біз істі соңына дейін жеткіземіз", - деді Лавров.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын: Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатады және келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.
Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан кейін Путин сондай-ақ "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп атады. Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путин бұрын мәлімдеген украиналық реттеу туралы бейбіт ұсыныстары күшін жоймағанын, бірақ қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.