Мақтымқұлының 300 жылдығына арналған форумға бірнеше елдің президенті қатысады

Sputnik
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ашхабадта түрікмен ақыны және ойшылы Мақтымқұлы Фрагидің туғанына 300 жыл толуына арналған "Замандар мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі" атты халықаралық форум өтеді.
Іс-шараға Түрікменстанмен көршілес мемлекеттердің басшылары шақырту алды: Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа да бірқатар ел.
Алғашқы қонақтар келе бастады. Түнде Ресей президенті Владимир Путин Ашхабадқа ұшып барды.
Ол форумға қатысып, Иран президенті Масуд Пезешкианмен кездеседі.
Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков журналистерге бұл кездесуде екіжақты ынтымақтастық, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі мәселесі талқыланатынын айтқан.
Тоқаев Түркіменстанға 10 қазанда барды. Республика президентімен және басқа да ресми тұлғалармен кездесті. Сондай-ақ Ашхабадтағы Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.
Тоқаев пен Бердімұхамедов серіктестікті нығайту туралы келісімге қол қойды