Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді
Sputnik
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды, деп хабарлады Ақорда.
Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, "Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі" атты халықаралық форумға қатысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды