Сұрған стансасында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

9 қазанда жүк пойызының электровозы мен вагондары рельстен шығып кетті
Sputnik
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Сұрған стансасында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлады ҚТЖ.
"Апаттың салдары дер кезінде жойылды. Есіл және Тобыл стансаларынан екі қалпына келтіру пойызы, бес техника және 96 адам жұмылдырылды. Түнгі уақытқа қарамастан жұмыс тоқтаған жоқ", - деп хабарлады компания.
Оқиға орнында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның комиссиясы пойыздың рельстен шығу себебін анықтауға кірісті.
Еске сала кетейік, бір күн бұрын Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткен болатын.
" 9 қазан сағат 17-ден 40 минут өткенде Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған стансасында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кетті. Қаза болғандар жоқ",- деп хабарлады ҚТЖ.