Фото

Bird Photographer of the Year 2024 байқауының жеңімпаздары анықталды - фото

Bird Photographer of the Year 2024 байқауының ұйымдастырушылар биылғы жылдың ең үздік құс фотографтарының есімдерін атады. Тамсанарлық және таңғаларлық құс суреттерін Sputnik топтамасынан көріңіздер
Sputnik
Bird Photographer of the Year 2024 байқауына 23 мыңнан астам сурет жіберілді. Бұл суреттер арқылы байқауға қатысушылар жер шарының түкпір-түкпірінде мекендейтін құстар әлемінің алуан түрлілігін көрсетті.
1 / 16

Патрисия Хомонило түсірген "Әлемдер соқтығысқанда" деген сурет жеңімпаз атанды. Бұл кадрда терезелерге соғылғаннан кейін мерт болған 4000-нан астам құс бейнеленген.

2 / 16

Кэт Чжоу түсірген "Сүңгуір" деп аталатын сурет "Қоршаған ортадағы құстар" категориясында бірінші орынды жеңіп алды.

3 / 16

Испаниялық Андрес Луис Домингес Бланконың "Келешек" атты суреті "Жас фотограф" категориясында жеңді.

4 / 16

Америкалық фотограф Надии Хактың "Заманауи биші" суреті "Күлкілі құстар" категориясында бірінші орын иеленді.

5 / 16

Польша фотографы Гжегожу Длугошудың "Қауіпті саяхат" атты сурет "Қала құстары" категориясында жеңді.

6 / 16

Фотограф Алан Мерфидің "Қыстағы алқызыл" суреті "Үздік портрет" категориясында жеңді.

7 / 16

Австралия фотографы Дэвид Стоудың "Сусиыр секілді" суреті "Ақ-қара түсті суреттер" категориясында үздік жұмыс деп танылды.

8 / 16

Үндістан фотографы Хермис Харидас түсірген "Таң сыбдыры: таң атқандағы бәбісектің әсем сұлбасы" атты суреті "Ұшу кезіндегі құстар" категориясында жеңді.

9 / 16

Неміс фотограф Джулиан Мендланың "Балық аулау кезіндегі қызу жұмыс" деп аталатын жұмысы "11 жасқа дейінгі жас фотографтар" категориясында жеңімпаз атанды.

10 / 16

Гэри Коллиер түсірген "Тағанақтар қысқа дайындалуда" деп аталатын сурет "Күлкілі құстар" категориясында үшінші орын иеленді.

11 / 16

АҚШ фотографы Натаниэль Пек түсірген "Қоқыс жинаушы" суреті "Құстардың әрекеті" деген категорияда жеңді.

12 / 16

Кувейт фотографы Сулиман Алатики түсірген "Ұшудың су астынан көрінісі" суреті "Ұшу кезіндегі құстар" категориясында үшінші орын иеленді.

13 / 16

Неміс фотографы Эмиль Вагнер түсірген "Адам, құс және ит" деген сурет "Жас фотограф" категориясында жжеңіске жетті.

14 / 16

ОАР фотографы Вильям Стил түсірген "Тұтылу" суреті "Ақ-қара түсті суреттер" категориясында екінші орын иеленді.

15 / 16

Америкалық фотограф Джек Жи түсірген "Қызыққұмар балапан" суреті "Құстардың әрекеті" категориясында екінші орын иеленді.

16 / 16

Венгрия фотографы Болдизар Сюч түсірген "Апартамент" суреті "Қала құстары" категориясында екінші орын иеленді.