АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. 7-12 қазан аралығында Астрахань облысында "Каспий ойындары" халықаралық спорт универсиадасы өтуде.
Байқауға Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан университеттерінен 700-ден астам студент және Астрахань университеттерінде білім алып жатқан шет мемлекеттердің өкілдері қатысуда.
Студенттік ойындар бағдарламасына жеңіл атлетика, жүзу, шағын футбол, волейбол, баскетбол, дойбы, шахмат, самбо және дене спортының жаңа түрлері кіреді.
Ашылу салтанатында бірінші жарыс күнінің қорытындысы шығарылып, спорттың әртүрлі түрлері бойынша жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар табыс етілді.
Фиджитал-футбол бойынша Ресей мен Қазақстан спортшылары жүлделі орындарды иеленді: Астрахань мемлекеттік университеті (1 орын), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (2 орын), Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. (3 орын).
Ойындардың нәтижелері мен бағдарламасын ВК әлеуметтік желісіндегі Астрахань облысы спорт министрлігінің парақшасында бақылауға болады.