Жаңбыр жауып тұман түседі: синоптиктер 10 қазандағы ауа райын болжады

Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазгидромет 10 қазандағы ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр, елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі.
Тек оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Ел бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.
Аптаның соңына дейін ауа температурасы төмендейді деп болжануда, батыста күндіз 5-13 градусқа дейін, оңтүстікте 20 градус жылы, Қазақстанның солтүстігінде 1-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 2 градус жылы, республиканың орталығында және шығысында 5-13 градус жылы, елдің оңтүстігінде 7-12 градус жылы.