Пәтерде тұрған электр велосипедтің аккумуляторы өртенді

Құтқарушылар баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады
Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қостанай облысының өрт сөндірушілері 13 адамды эвакуациялады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

"Арқалық қаласында Байтұрсынов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде бірінші қабаттағы пәтерде электр велосипедтің аккумуляторы жанды", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ қызметкерлері түтін аумағынан баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.
Бірнеше минут ішінде өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізді. Өрттің себебі - электр велосипед аккумуляторының қысқа тұйықталуы екені анықталды. Өрт өздігінен сөніп, бөлме түтіннен тазартылды. Зардап шеккендер жоқ.