ЕЭК: ТМД-мен өзара іс-қимыл - күн тәртібіндегі басты мәселе

Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен өзара іс-қимыл Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық күн тәртібіндегі басты мәселе болып табылады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
"Қазірдің өзінде ТМД Атқарушы комитетімен бірлескен іс-шаралардың екі жоспары жүзеге асырылды, ал үшінші жоспары қазір жүзеге асырылуда", - делінген хабарламада.
2021 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасын және Достастықтың нормативтік құқықтық базасын интеграциялау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
"Еуразиялық кеңістік бірегей сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық артықшылықтарға ие. ЕАЭО және ТМД ойыншыларының әлеуетін біріктіру бұл ынтымақтастықтың тиімділігін айтарлықтай арттырады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.