АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Батыс елдері Ресей президенті Владимир Путинмен бейбіт келіссөзді бастауы керек, деп жазды DikGAZETE.
"Барлық мәселені шешу үшін Батыс мемлекеттері Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруы керек", - делінген мақалада.
Басылым авторы Путин кез келген оң бастаманы қолдайды деп есептейді.
"Ресей президенті халықтың қолдауына ие бола отырып, Қазақстан, Беларусь, Армения, Тынық мұхит аймағындағы, Еуропа мен Африкадағы күштердің теңгерімін сақтап отыр", - деп түйіндеді басылым.
Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан кейін Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путин бұрын мәлімдеген украиналық реттеу туралы бейбіт ұсыныстары күшін жоймағанын, бірақ қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.