АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазан айының басында Аршалы ауданында 2010 жылғы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Жасөсіпірім көз жұмар алдында интернеттен алты түрлі түйіндер туралы материалды және қайта туу туралы манхва нұсқаулығын қарағанв белгілі болды.
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаудың алдында қараған материал Манхва деп аталады. Бұл Оңтүстік Кореяда кеңінен танымал комикс, ол корей мәдениетін, дәстүрлерін және ойлау тәсілін бейнелейді.
Манхва концепциясы жаңа денеде, ұқсас әлемде немесе өткен өмірінде қайтадан өмір сүру мүмкіндігін насихаттайды.
Манхва концепциясы жаңа денеде, ұқсас әлемде немесе өткен өмірінде қайтадан өмір сүру мүмкіндігін насихаттайды.
"Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау белгілерінің болуына байланысты 2024 жылдың 8 қазанында Аршалы ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов.
Қылмыстық істі тергеу арнайы прокурорға тапсырылып, тергеу барысы бақылауға алынды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
"Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында ата-аналарды (қамқоршыларды) балалардың гаджеттерді пайдалануын бақылауға шақырамыз, тек пайдалану уақытын шектеу ғана емес, сұраулардың тақырыбын да тексеру маңызды", - деп ескертеді ведомстводағылар.