"Үш жыл қиналған едік": Қызылордалық диқандар биыл судан таршылық көрмеді

2025 жылы Қызылорда облысында 58 су бекетін қалпына келтіру жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында биыл суару маусымында шаруаларға 3,7 млрд текше метр су берді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда облысында биыл шаруаларға 3,7 млрд текше метр су берді
Көктемде 965 су пайдаланушымен 127 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарт жасалды. Оның ішінде 84,2 мың гектары – күріш алқабы.
"Биыл Қызылорда облысы суару маусымын табысты аяқтады. Диқандардан су жетіспеушілі туралы шағым түскен жоқ. Су шығынын азайту мақсатында жыл басынан 25 су өлшеу бекетін жаңарттық. Келесі жылы тағы 58 бекетті қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Бұл су көлемін дәл есептеуге мүмкіндік береді",- деді Қызылорда облысы бойынша "Қазсушар" филиалы басшысының орынбасары Айдос Асанбаев.
Судың тұрақты берілуіне байланысты биыл күріш өнімділігі де артқан.
1 / 3
Қызылорда облысында биыл шаруаларға 3,7 млрд текше метр су берді
2 / 3
Қызылорда облысында биыл шаруаларға 3,7 млрд текше метр су берді
3 / 3
Қызылорда облысында биыл шаруаларға 3,7 млрд текше метр су берді
"Биыл судан тапшылық болған жоқ, ешқандай мәселе туындамады. Осыған дейін 3 жыл қатарынан қиын болған еді. Су жетпей, кезектесіп алатын едік. Осы жылы үлкен каналдардың бәрін тазартты, шлюздер орнатты. Жақсы жұмыс атқарды. Орта есеппен гектарынан 50 центнерден өнім алуды жоспарлап отырмыз",- деді шаруа қожалығының басшысы Данабек Әбдібеков.