Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинаға сыртқы көмектің жалпы көлемін бағалады

Sputnik
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. АҚШ-тың бұрынғы президенті және Республикалық партиядан президенттікке үміткер Дональд Трамп Украинаға сыртқы көмектің жалпы көлемін 300 миллиард долларға жуық деп бағалады, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз Украинаға көрсетілген көмектің көлемін шамамен 300 миллиард долларға жеткіздік", - деді ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Бұл ретте бұрынғы америкалық көшбасшы өзінің бағалауы неге негізделгенін және бұл тек АҚШ-тың көмегін қамтыды ма, әлде Киевке Батыстың қолдауының жалпы көлемі туралы айтып отыр ма, ол жағын нақтыламады.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің арнайы әскери операциясы басталғаннан бері АҚШ пен оның одақтастарының Украинаға берген көмегінің жалпы көлемін 242 миллиард долларға бағалаған. Мемлекеттік департамент басшысының айтуынша, АҚШ Украинаға 94 миллиард доллар, ал еуропалық, азиялық және басқа серіктестер 148 миллиард доллар көлемінде көмек көрсеткен.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді.