Қарағанды облысындағы өрт: ауылдарға қауіп төніп тұрған жоқ

Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қарқаралы ауданындағы дала өртін жою үшін барлық шаралар қабылдануда. Күш пен қаражат жеткілікті. Елді мекендерге қауіп жоқ, деп мәлімдеді Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов.
Соңғы мәлімет бойынша, өрт 35 гектар аумақты шарпыған, Алайда өрт ошағы елдімекендерден алыс.
Мал шығыны туралы ақпарат түспеді. Алайда әкімдік фермерлермен байланыста.
"Барша тұрғындардан жалған ақпарат таратпауларын сұраймын. Аудан әкімдігінде 8 72146 31 3 66 сенім телефоны жұмыс істейді, барлық сұрақтарды осы телефон арқылы анықтауға болады", - дейді әкім.

Құтқарушылар өртті сөндіру үшін барлық шараларды қолданып, тәулік бойы жұмыс істеуде.
Өртті сөндіруге 562 адам мен 81 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар азық-түлікпен, сумен қамтамасыз етіліп, техника үшін жанар-жағармай толық көлемде қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, аудандағы азық-түлік дүкендерінде қажеттінің бәрі бар.