АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Ресей ТМД елдерін стратегиялық серіктес санайды, деді Владимир Путин Мәскеуде Достастық елдері басшыларының саммитін аша отырып.
"Біз үшін ТМД елдері – біздің ең жақын көршіміз, досымыз, стратегиялық серіктесіміз. Біз ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейілдіміз, Ресейдің 2024 жылғы төрағалық тұжырымдамасы осыған бағытталған", - деді ол.
Путин Достастықтағы әріптестеріне бірлескен жобалар мен іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.
Ол Саммиттің күн тәртібін "өте қанық" деп атады.
"Әрине, біз экономикалық мәселелерге және ТМД елдеріндегі сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларына үлкен көңіл бөлеміз", - деп толықтырды Путин.
Ресей басшысы елдерде "өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы және инфрақұрылым салаларында жаңа, ірі, өзара тиімді жобаларды іске қосуға барлық мүмкіндік бар" деп сенім білдірді.
Сонымен қатар ол Достастықтың басқа да өзекті тақырыптарының кең ауқымы бойынша – ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап мәдениет және гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа дейін пікір алмасу жоспарланып отырғанын хабарлады.