Ресейлік "Промсвязьбанк" трансшекаралық есеп айырысулардың бірегей механизмін іске қосты

Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Промсвязьбанк ресейлік бизнестің халықаралық сауда келісімшарттары бойынша есеп айырысуына арналған инфрақұрылымды іске қосты.
Промсвязьбанк трансшекаралық есеп айырысу платформасы ресейлік экспорттаушылар мен импорттаушылардың кез келген елдің контрагенттерімен сыртқы сауда келісімшарттарына толық қаржылық қолдау көрсетеді.
Банк жүзеге асыратын бірегей есеп айырысу механизмі ресейлік сыртқы саудаға қатысушылар мен олардың сауда серіктестеріне Ресейге қарсы санкциялық қысым жағдайында қолдау көрсетеді.
Промсвязьбанк трансшекаралық есеп айырысу платформасы ресейлік компаниялардың сыртқы сауда келісімшарттары бойынша барлық төлемнің уақтылы және үздіксіз орындалуын қамтамасыз етеді.
Есеп айырысулар банк арнайы құрған A7 компаниясының базасында қаржы нарығының құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Промсвязьбанк әзірлеген механизм Ресейлік импорттаушылар мен экспорттаушылардың трансшекаралық операцияларын үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ету арқылы сыртқы сауданы дамыту және отандық өнеркәсіп пен тұтыну нарығын ынталандыру бойынша маңызды бөлікке айналады.
"Мұндай жобаны жүзеге асыру үшін банк өзінің бірегей инфрақұрылымдық әзірлемелерін, мемлекеттік даму жобаларына қатысудағы жинақталған тәжірибесін және елдің қаржы жүйесі мен экономикасына қатысу ауқымын пайдаланды", - деді Промсвязьбанк төрағасының орынбасары Михаил Дорофеев.