АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Павлодар облысындағы өрт сөндірілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі. Қарағанды облысындағы өрт оқшауланды. Аумағы анықталып жатыр.
Бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов табиғи өртті жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Күштер мен құралдарды үйлестіру үшін министрліктің Жедел штабы жұмылдырылды, сондай-ақ Павлодар облысының Желтау ауылында далалық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
"Министрліктің күштері мен құралдары дереу жөнелтілді, сонымен қатар Абай, Ақмола облыстарынан және Астана қаласынан қосымша топ көмекке барды. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелері мен Ұлттық ұлан тартылды", - деді министр.