Олжас Бектенов: тұрғындардың тұрақты бағамен көмір сатып алуында қиындықтар болмауы керек

Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Үкімет отырысы барысында өңірлерге коммуналдық және тұрмыстық көмір жеткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
"Көмірді вагондармен тасымалдауға басымдық беру қажет. Тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындықтар болмауы керек", — деп атап өтті Олжас Бектенов. Өңір әкімдері мен өнеркәсіп және көлік министрліктерінің алдына тиісті міндет қойылды.
Сонымен қатар үкімет басшысы энергетика министрлігіне ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, жылу және электр энергетикасы бойынша "тарифті инвестицияларға айырбастау" бағдарламасы шеңберінде инвестициялық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуді тапсырды.
Бұдан әрі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп – жылу және энергия кәсіпорындарында табиғи монополиялар субъектілерінің осы міндеттемелердің орындалуын бақылау шараларын өзектендіру қажет.